Арыста Байырқұм-Көкжиде жаңа жолы ашылды

Жолдың қашанда аса маңызды объекті болары сөзсіз. Осыны ескеріп,  Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан 2050» стратегиялық бағдарламасына сәйкес, Арыс қаласы әкімдігі шаһар аумағындағы халықтың тұрмыс жағдайы мен халықтың әлеуметтік қажеттілігіне қажетті нысандардың жай-күйін зерделеп, тоғыз жолдың торабында орналасқан Арыс қаласы тұрғындарына қажетті нысандардың тізімін жасап, нысандардың құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатқанын айта кету қажет.

Осыған орай, жоспарға сай Арыс қаласына қарасты Байырқұм, Жиделі ауылдық округтері халқының жүріп-тұруына, қатынауына қажетті автожол құрылысын салу жұмыстары жоспарға енгізілген болатын. Өйткені, жол құрылысынжүргізу бірінші кезекке қойылған мәселе еді. Міне, енді бүгін 1-желтоқсан Қазақсан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңында құрылыс талаптарының барлық нормаларына сай Байырқұм мен Көкжиде аралығындағы асфальт жолы халық игілігіне беріліп отыр.  Күні бүгінге дейін жол азабын тартып келген арыстықтардың қуанышында шек жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*