Одабасы ауданындағы Қ.Спатаев ауылында ауыз су жүйесі іске қосылды

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңында, облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, Төрткүл ауыл округіндегі Қарсыбай Спатаев ауылындағы ауыз су жүесінің іске қосылу шарасына қатысып, ауыл тұрғындарының қуанышымен бөлісті.Жаңа тартылған су құбырының ауыл халқы үшін орасан зор қуанышты оқиға екенін алға тартқан өңір басшысы облыстағы елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету облыстың даму бағытында атқарылатын жұмыстардың бастысы екенін жеткізді.

Мереке қарсаңында ауылдағы 136 отбасы, яғни 1600 тұрғын таза ауыз сумен қамтылып отыр. Бұл нысанның құрылысын облыстық бюджет есебінен «Құрылыс-сервис- СК» ЖШС жүзеге асырып, пайдалануға берді. Жоба құрылысына 98 млн. теңгеге жуық қаржы жұмсалды.

Жалпы аудан көлеміндегі 57 елді мекеннің бүгінгі таңға 39-ы құбырлы ауыз сумен қамтылған. Яғни, тұрғындардың  88,7 пайызы таза ауыз суға қол жеткізген.  Алдағы 2020-2021 жылдары ауданды толық сапалы ауыз сумен қамту жұмыстарын аяқтау жоспарлануда.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*