ОҚО-да жастар арасында қылмыс азайып келеді

Оңтүстік Қазақстан облысында жастар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылық көрсеткіші 2017 жылы өткен жылға қарағанда 307-ге азайған. Бұл облыс көлемінде жүзеге асырылып жатқан «Жас сақшы» және «Жас полиция көмекшілері», «Айбын» жобалары мен мекенжайлық көмек көрсету жұмыстарының нәтижесі. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жастар саясаты жөніндегі басқарма басшысы Балмаржан Нарбекова мәлімдеді.

Басқарма басшысының айтуынша, «Серпін – 2050» жобасы аясында Солтүстік аймақтардағы жоғары оқу орындарында 6500-ге жуық жас білім алуда. Ал колледждерде түстік өңірден 1000-нан астам студент оқып жатыр. Жалпы 4 жылда бағдарлама бойынша жоғары оқу орындарына оқуға қабылданған студенттердің 50 пайызы Оңтүстік Қазақстан облысының жастарына тиесілі.  Сондай-ақ, «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 2017 жылы 800-ден астам маманға жолдама берілген. Ал оның ішінде 300-ге жуық жас тұрғын үймен қамтамасыз етіліп отыр. Облыста «Жастар практикасы» бағдарламасы да өз жалғасын тауып келеді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*