ОҚО-дан солтүстік аймақтарда 8 мыңға жуық жастар оқып жатыр

ОҚО жастар басқарма басшысының айтуынша, «Серпін – 2050» жобасы аясында Солтүстік аймақтардағы жоғары оқу орындарында 6500-ге жуық жас білім алуда. Ал колледждерде түстік өңірден 1000-нан астам студент оқып жатыр. Жалпы 4 жылда бағдарлама бойынша жоғары оқу орындарына оқуға қабылданған студенттердің 50 пайызы Оңтүстік Қазақстан облысының жастарына тиесілі. Сондай-ақ, «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 2017 жылы 800-ден астам маманға жолдама берілген. Ал оның ішінде 300-ге жуық жас тұрғын үймен қамтамасыз етіліп отыр. Облыста «Жастар практикасы» бағдарламасы да өз жалғасын тауып келеді.«Жастар практикасы» бағдарламасына 2017 жылдың 10 айдың қорытындысы бойынша 5294 жас тартылып, өткен жылмен салыстырғанда 159 адамға өсті. Сондай-ақ, 2017-2020 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспары ұдайы орындалып келеді. Мәселен, «Өлкетану» бағдарламасы аясында маусым-қыркүйек айларында облыстағы тарихи-мәдени орындарға жастардың экскурсиялары ұйымдастырылып, оған 5 мыңнан астам жас қатысты. Сонымен қатар, өңірдегі жазғы лагерьлерге жалпы саны 247,6 мыңнан астам жас барған», — деді Балмаржан Нарбекова.

Сонымен қатар, жастардың интеллектуалдық, патриоттық қасиеттерін арттыру мақсатында жергілікті телеарналардан бірнеше тележобалар ұйымдастырылып отыр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*