ОҚО-да «Жасыл ел» бағдарламасына жалпы 15 мыңға жуық жас атсалысқан

Оңтүстік Қазақстан облысында «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жыл сайын 1000-нан аса жас жазғы еңбек лагерлеріне тартылса, жалпы 13 жыл ішінде 15 мыңға жуық жас атсалысқан. 2017 жылы республикалық бюджеттен «Жасыл ел» бағдарламасына 63,1 млн. теңге қаржы бөлінген. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жастар саясаты жөніндегі басқарма басшысы Балмаржан Нарбекова мәлімдеді. Басқарма басшының айтуынша, облыстағы жастардың саны 750 мыңға жуық адамды құрайды. Бұл облыс халқының жалпы санынан 26 пайызы екен. Айта кетерлігі, биыл облыстан 1100-ден астам жас әскерге аттанған. Ал жазғы студенттік құрылыс отрядтарына барлығы 424 жас тартылып отыр.

«Бүгінгі таңда облыс бойынша 4 мыңнан астам ерікті жастар бар. Олардың қатысуымен жыл басынан бері 500-ден астам қайырымдылық іс-шаралар, ақпараттық түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, облыстағы 12 жоғары оқу орындарының 6-да кәсіптік және өндірістік білім беру мамандықтарында оқитын 1106 студент облыстағы кәсіпорындар мен мен зауыт-фабрикаларда өндірістік тәжірибеден өтті», — деді Балмаржан Нарбекова.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*