ОҚО-да 500-ге жуық жас студенттік құрылыс отрядтарына тартылған

Оңтүстік Қазақстан облысы жастар басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекованың айтуынша, түстік өңірдің ерікті жастары ЭКСПО қалашығында ұйымдастырылған байқаулар мен жарыстарда алдыңғы орындарды иеленсе, Қарағанды облысында өткен Республикалық Ерікті жастар слетынде командалық есепте Оңтүстік ерікті жастары бас жүлдені жеңіп алған. Облыс бойынша жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін 5356 спорт ғимараты бар. Аталған спорттық нысандарда 210 мыңнан астам жас спортпен шұғылданатынын айта кету қажет.

Сонымен қатар, облыстағы жастардың саны 750 мыңға жуық адамды құрайды. Бұл өз кезегінде облыс халқының жалпы санынан 26 пайызы екен. Айта кетерлігі, биыл облыстан 1100-ден астам жас әскерге аттанған. Ал жазғы студенттік құрылыс отрядтарына барлығы 424 жас тартылып отыр.

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында басқарма тарапынан жастар арасында ұмыт бола бастаған ұлттық спорт ойындарын насихаттау мақсатында асық, тоғызқұмамалақ сынды ойын түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып келеді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*