ОҚО-да Тұңғыш Президент күніне орай «Астана» тұрғын үй кешені пайдалануға берілді

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкентте  1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай, бірінші кезектегі  «Астана» тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. Осылайша бүгін шымкенттік 96 отбасы баспаналы болып отыр. Сонымен қатар, тұрғын үй кешеннің ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жаңа қоныс берекелі және ырысы мол  үлкен ордаға айналуын тіледі.«Бүгін «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы аясында «Шымкент» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ы арқылы қалада салынған бірінші кезектегі 2 тұрғын үй пайдалануға беріліп отыр. Бұл үйлердің құрылысы тұрғын үй комбинаттарының өнімдерін қолдана отырып, іске асырылуы және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағытына ұқсас жүргізілуде»,-деді әкім.Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындарын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында «Шымкент»  әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы»  Ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы  құрылысқа 1,2 млрд. теңге көлемінде инвестиция салған еліміздегі алғашқы әлеуметтік корпарация болып отырғанын айта кеткен жөн.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*