Шымкенттік 96 отбасы «Өз үйім» бағдарламасымен пәтер алды

Шымкент қаласының әкімшілік және іскерлік орталығында орналасқан тұрғын үй кешенінде тоғыз қабатты 4 тұрғын үй бой көтерген. Мұндағы пәтерлердің жалпы ауданы — 14776,6 шаршы метрді құрайды. Бүгінде 2 блок, яғни 96 пәтер пайдалануға берілсе, қалған 2 блок келер жылдың бірінші тоқсанының аяғына дейін пайдалануға беріледі. Жобаның жалпы құны – 2,75 млрд. теңгені құрайды.«Астана» тұрғын үй кешені екінші классқа жататын бір тұрғынға 25 ш.м. жеке кеңістікті есептеу арқылы салынған сәнді апартаменттер. Мұнда  тұру жағдайлары мен инновациялық технологиялар үшін қажетті барлық мүмкіндіктермен қамтамасыз етілген.

Аталған тұрғын үйдегі «Өз үйім» бағдарламасы бойынша «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-нан пәтерлерді сатып алуға болады. Бағдарлама бойынша орташа бағасы бір шаршы метр үшін 180 мың теңгені құрайды. Несиенің жылдық пайыздық мөлшерлемесі 5-тен 10 пайызға дейін.

Айта кетейік, тұрғын үй құрылысын жүргізген «Оңтүстік құрылыс сервис» ЖШС-гі құрылыс кезінде 300-ден астам адамды жұмыспен қамтыған.

Жалпы Оңтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 525,4 мың шаршы метр тұрғын үй яғни, 5189 пәтер пайдалануға берілді. Ал, облысқа белгіленген жоспар 550,6 мың шаршы метр болса, жыл қорытындысымен жоспар артығымен орындалады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*