ОҚО әкімі «Ордабасы нан» ЖШС-нің жұмысымен танысты

Оңтүстік Қазақстан облысынің әкімі Ж.Түймебаев Ордабасы ауданына жұмыс сапарын  Бадам ауылында орналасқан «Ордабасы нан» ЖШС-нің  жұмысымен танысудан бастады.  Аталған серіктестік негізінен заманауи үлгідегі түрік технологияларын пайдаланып, сапалы ұн өнімін шығарумен айналысады.  Өнім халықаралық деңгейдегі мемлекеттік талаптарға, ал өндіріс қондырғылары халықаралық стандартқа сәйкестендірілген.         Алғаш рет жұмысын 2008 жылдың 2-ші тоқсанында бастаған серіктестік 2015 жылы өндіріс қуаттылығын арттыру мақсатымен  диірмен  құрылысын ұлғайтып, түрік технологиясымен  жаңа қондырғылар  орнатылған. Нәтижесінде мұнда тәулігіне 450 тонна бидай өңделіп, ұн өнімдері өндіріледі.   Бұл жобаның жалпы инвестициялық  құны 2 млрд. 680 млн.  теңгені құрайды.   Бүгінгі таңда «Ордабасы нан» өнімдері отандық нарықпен қатар, Ауғанстан, Қырғызстан, Өзбекстан елдеріне экспортталуда.Мұнан соң облыс әкімі Бөржар ауыл округіндегі «Миграж-Б» ЖШС-нің  мал бордақылау алаңын да аралап көрді.  Бұл кешен бір мезетте 200 ірі қара мал мен жылқы бордақылауға ыңғайластырылған.  Мұнда жылына 70 тонна ет өндіру жоспарланып отыр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*