Оңтүстік Қазақстан облысының Жансейіт Қансейітұлы, Бөржар ауыл округіндегі «Миграж-Б» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мал бордақылау алаңын аралап көрді. Бұл кешен бір мезетте 200 ірі қара мал мен жылқы бордақылауға ыңғайластырылған. Мұнда жылына 70 тонна ет өндіру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, облыс басшысы Жансейіт Қансейітұлының назарына «Өрлеу» бағдарламасы бойынша Ордабасы ауданында атқарылған жұмыстар ұсынылды. 2017 жылдың 10 айында бағдарлама аясында аудан бойынша 1142 отбасыға 307 миллион теңгеден астам қаржы үйлестірілген екен. Азаматтардың дені алған қаржыны мал шаруашылығын жүргізуге жұмсағанын айта кету керек. Мұнан өзге, Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев «Өрлеу» жобасымен қаржы алған қолөнершінің қолынан шыққан кәдесыйларды тамашалап, сондағы домбыралардың бірін сатып алды. «Оңтүстікқазақстандықтар «Өрлеу» жобасының тиімділігін көре бастады. Өрлеу» жобасы аясында бүгінге дейін жалпы сомасы 6 млрд-тан астам теңге болатын шартты ақшалай көмекті 20 мыңнан астам жерлесіміз алып, отбасылық табыстарын еселеп отыр.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да «Дайын бизнес» атты жаңа бағдарламаны жүзеге асырмақ
Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік саласы бойынша ең белсенді облыстардың бірі. Сондықтан да мұнда кәсібін іске асыруға ниетті адамдар көп, бірақ көбінесе олардың өз бизнесін жасауға мүмкіншілігі жетпей жатады. Ең бірінші себеп – бұл кепіл мүлкінің […]
ҰЛТТЫҚ ЖОБА НЕГІЗІНДЕ 3 МЫҢНАН АСА КӘСІПКЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ
Бүгінде ел кәсіпкерлері мемлекет тарапынан жүйелі ұйымдастырылған қамқорлықты сезіне бастады. Қала аумағында кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде 3 378 жобаға қолдау көрсетілген. Мемлекеттік қолдаудың жалпы соммасы 11 миллиард 1,1 миллион теңгені құрап отыр. Бұрын бизнесті тіркеуден бастап, оған тиісті рұқсаттама-құжаттарды алу мәселесі, […]
Ордабасыда орта және шағын бизнестен түскен салық 400 миллионнан асқан
2017 жылдың қаңтар-тамыз айларында Ордабасы ауданындағы шағын және орта бизнес субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 27,9 млрд. теңге ге жетті. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 108,8 пайызға артық болып отыр. Ал, одан түскен салық […]
Пікір қалдыру