Ордабасыдағы «Нұр Агро 73» ЖШС-гі мақта талшықтарын экспорттап жатыр

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, Ордабасы ауданындағы жеке кәсіпкер Ермекбай Утеевтің  жылыжайына барып, жұмысымен танысты. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 2 млн. теңге несие алған кәсіпкер жылыжай салып, 2 азаматты жұмыспен қамтып отыр екен.Сонымен қатар, өңір басшысы Төрткүл ауылындағы «Нұр Агро 73» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мақта өңдеу зауытының да жұмысымен танысқанын айта кету керек. Өз жұмысын 2016 жылы бастаған нысанның инвестициялық құны – 255 млн. теңгені құрайды екен. Мұнда бүгінгі күнде 300 адам тұрақты жұмыспен қамтылвп отыр. Оның ішінде 230-ы жергілікті тұрғындар екенін ерекше атап өткен жөн.14 өндірістік құрылғыда жылына 30 мың тонна мақта өңделеді. Оңтүстік өңірі көлемінде Мақтарал, Шардара, Ордабасы аудандарынан мақта қабылдайтын көрінеді. Қазіргі таңда, Төрткүлде дайындалған мақта талшықтары Чехияға, Белорусия мен Молдоваға экспортталып жатыр. Мұнан өзге облыс орталығы  Шымкент қаласындағы «Меланж текстиль» фабрикасына жөнелтіледі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*