ОҚО-да «Жас кәсіпкер» жобасы қолға алынды

Оңтүстік Қазақстан облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде өңірдегі жастарды кәсіпке баулу және қолайлы жағдай жасау мақсатында қолға алынған «Жас кәсіпкер» жобасының таныстырылымы өтті. Айта кету керек, өңірдегі ортан және шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында қолға алынып отырған бұл жобаны «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы  мен «Ырыс» микроқаржы ұйымы бірлесе қолға алып отыр. Брифингке аталмыш мекеме өкілдері қатысып, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне «Жас кәсіпкер» жобасын таныстырды. Айтуларынша, бұл жоба жастардың кәсіпкерлікпен шұғылдануына қызығушылық танытады екен. Сонымен қатар, жастар арасындағы жұмыссыздықтың да алдын алатын көрінеді.

«Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында жастарға аса басымдық берілген. Бұл орайда мемлекеттік ұйымдардың жастарға деген қолдауы өте маңызды. Соны ескере отырып біз «Жас кәсіпкер» жобасын іске асырғалы отырмыз. Аталған жобаның мақсаты — жастардың бизнес бастамаларын қолдап, жұмыссыздықты азайту» — деді «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы басқарма төрағасының орынбасары Тимур Әбілдинов.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*