ОҚО-да Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік шара өтті

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласындағы  «Қазақстан халқы Ассамблеясы»  ғимаратында  Тұңғыш Президенті күніне арналған 1000 адамның қатысуымен мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.   Шараға қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратының фойесінде ұйымдастырылған «Елбасы жолдауы жылнамасы» атты фото және кітап көрмесін аралап көрді.Мұнан соң өңір басшысы  Назарбаев зияткерлік мектебінің шәкірттері ұйымдастырған «Біз Елбасымен біргеміз» атты флешмобын тамашалады. 

Салтанатты жиын  «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» атты арнайы дайындалған бейнебаянның көрсетілімімен басталды. Өз кезегінде сөз алған өңір басшысы жиналғандарды атаулы мерекемен құттықтап, 16 азаматты алғыс хатпен марпаттады. «Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл барша қазақстандықтар үшін шын мәніндегі жалпы халықтық мерекеге айналған күн. Бүгін Президентіміздің абыройлы сыртқы саясатының нәтижесінде Тәуелсіз Қазақстан 70-тен астам халықаралық, аймақтық және  ведомствоаралық ұйымдарға мүше болып отыр. Сеніммен тапсырылған ірі халықаралық ұйымдардың төрағалығын атқырып, маңызды іс-шараларды үлкен деңгейде жүзеге асыруда» — деді Жансейіт Қансейітұлы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*