ОҚО халқы бірлік пен ынтымақтың, ұлтаралық және ұлтішілік татулықтың арқасында жетістіктерге жетуде

Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысының  халқы бірлік пен ынтымақтың, ұлтаралық және ұлтішілік татулықтың арқасында Тұңғыш Президентіміздің «Қазақстан — 2050» Стратегиясының, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының талаптары мен міндеттерін орындауда нақтылы табыстарға қол жеткізуде.  

Сонымен қатар, Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы, яғни қоғамдық сананы жаңғырту міндеттерін жүзеге асыруға оңтүстікқазақстандықтар да өз үлестерін қосып келеді. Бүгінгі күнге кәсіпкерлер мен демеушілер тарапынан жалпы 30 млрд. 350 млн. теңгені құрайтын 529 өңірлік жоба қолға алынып отыр. 

Тұңғыш Президент күніне орай, ұйымдастырылған салтанатты жиын барысында «Шаттық», «Шамсинұр» би ансамбльдері «Рухани жаңғыру» хореографиялық композициясын орындады.  Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония әншілері «Елбасы – елдің тұтқасы», Елбасының сүйіп тыңдайтын әндерінен попури орындап, көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады.

Жиын барысында ұлт лидері Н.Ә.Назарбаевтың «Балалық шағымның аспаны» атты фильмінен үзінді көрсетілді. Ал Арыс қаласындағы   әскери гарнизонының хор ұжымы «Нұр аға» әнін орындады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*