Шымкентте ЖМКК ауруханасының диагностикалық және реанимациялық-ота жасау корпусы пайдалануға берілді

Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасы жанынан  3 қабатты қабылдау-диагностикалық, реанимациялық-ота жасау корпусы пайдалануға берілді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай пайдалануға берілген денсаулық сақтау нысанының ашылу рәсіміне облыс әкімі Ж.Түймебаев қатысып, барша медицина саласының қызметкерлерін мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, әкім мекеме ұжымына жаңа жедел жәрдем автокөлігін сыйға тартты.Бүгінде елімізде көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыру мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылып жатқанын айтқан аймақ басшысы бүгінгі қуанышты оқиға осы жұмыстардың айғағы екенін жеткізді.«Жаңадан салынған корпус науқастарға сапалы, жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету үшін заманауи медициналық техникамен және медициналық мақсаттағы құралдармен жабдықталып отыр. Аурухана 2013 жылдан бастап инсульт кезінде бас миы және мойын қан тамырларына жоғары технологиялық оталар жасауға қол жеткізіп, сол уақыттан бері мұнда 630 ота жасалынды. Бұдан бөлек,  қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасы базасында 90 бүйрек пен 13 бауыр алмастыру оталары жасалынды»,-деді Ж.Түймебаев.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*