Шымкентте заманауи үлгідегі аурухана ашылды

Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасының жаңа корпусы 2 жылда салынып, іске қосылып отыр. Бұл ғимараттың бірінші қабатында әкімшілік, қабылдау және зертханалық-диагностикалық бөлімдері орналастырылса, екінші қабатында палаталар мен реанимация бөлімі, ал үшінші қабатта 7 блоктан тұратын ота жасау бөлімі мен бүйрек пен бауыр алмастыратын гепатопанкреатобиларлық хирургия бөлімі орналастырылған. Ал емделушілер үшін стационарда қосымша 45 төсек-орын қарастырылған.Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасы қала және облыс халқына тәулік бойы хирургия, жарақат, урологиялық, нейрохирургиялық, гинекологиялық, неврологиялық және терапиялық салалар бойынша мамандандырылған және жоғары мамандандырылған жедел және жоспарлы медициналық көмек көрсететін көпсалалы стационар болып табылады.

Күнделікті ауруханаға 200-250 науқас медициналық көмекке жүгінеді. Орта есеппен олардың 70-90 ауруханаға жатқызылады. Емдеу мекемесі бойынша жыл сайын жүйелі түрде емдік іс-шаралардың инновациялық, жоғары технологиялық әдістері өндіріске ендірілуде.

Айта кетейік, осы жылы облыс бойынша 38 денсаулық сақтау нысандарының құрылысына облыстық бюджеттен 3,8 млрд. теңге қаралып, құрылыстары жүргізілсе, оның 34 нысаны жыл соңына дейін тапсыру жоспарланған. 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*