Шардарада іске қосылған компрессорлық газ станциясы әлемдік өндірушілердің заманауи жабдықтармен жасақталған

Қазақстан-Қытай газ құбырының «С» тармағында жаңа компрессорлық станция жетекші әлемдік өндірушілердің заманауи жабдықтармен жасақталған. «Rolls Royce» компаниясының газ айдаушы агрегаттары орнатылған. Компрессорлық станцияның жобалық қуаты сағатына 516 мың текше метр газ айдауға арналған.

Сонымен қатар, пайдаланылған инновациялық жабдық, сондай-ақ қосалқы технологиялар кешені магистральды газ құбырын пайдаланудың барлық кезеңі ішінде қауіпсіз және технологиялық үздіксіз газ тасымалдауды қамтамасыз ете алатынын айта кету қажет.  Мұндағы мамандардың пікірінше, газ инфрақұрылымының жаңа нысаны еліміздің транзиттік мүмкіндіктерін кеңейтеді екен.

Қазіргі таңда, Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы отандық және шетелдік газ нарығында негізгі газ-энергетикалық және газ тасымалдау компаниясы болып табылады. Сонымен қатар, аталмыш мекеме тауарлық газды магистральдық газ құбырлары мен газ тарату желілері бойынша тасымалдау жөніндегі орталықтандырылған инфрақұрылымды басқарады. Халықаралық транзитті қамтамасыз етіп, газды ішкі және сыртқы нарықтарда сатумен айналысады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*