Түркістанда «Елін сүйген,елі сүйген Елбасы » атты салтанатты жиын болып өтті

Түркістан Қалалық Мәдениет Үйіне қарасты Абай ауылдық клубында «Басты бағдар:рухани жаңғыру » бағдарламасы аясында жас ұрпаққа елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы терең мағлұмат беру. Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, елжандылыққа, отансүйгіштікке, азаматтыққа баулу. Елбасының халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, жүргізген саясатын үлгі ету. Туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Ел болашағын ойлайтын, халқы үшін еңбек ететін, ұлттық санасы,құқықтық мәдениеті қалыптасқан жастарды тәрбиелеу мақсатында Тұңғыш Президент күніне «Елін сүйген,елі сүйген Елбасы » атты салтанатты жиын болып өтті . Елбасыға арналған бейне роликпен ашылып, елбасыға арналған жыр шумақтары оқылып. Хор үйірмесінің «Менің елбасым» əні орындалып, «Балауса» би үйірмесінің мың бұралған қыздары əсем биімен кештің сəнін аша түссе «Айқаракөз» əн үйірмесінің талантты жастары əндерін шырқап көрермендердің ыстық ықыласына бөлене білді. «Елбасы-ұлы тұлға » атты көрме жасалып, елбасының еңбектері қойылды.Салтанатты жиынға ауыл əкімшілік мамандары, ұстаздар мен оқушылар жəне ауыл тұрғындары шақырылды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*