Түркістандықтар Тұңғыш Президент күнін атап өтті

Бүгін Түркістан қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен 1 – желтоқсан «Тұңғыш Президент күні» мерекесіне орай салтанатты мерекелік жиын өткізілді. Мәдениет үйінің фойесінде әр ұлт өкілдерінің орындауында «Менің Президентім» өлеңі оқылып, «Ақ жаулықты әжелер» ансамблі «Елбасымыз жасай берсін» әнін орындап, қала зиялыларын патриоттық көңіл күймен қарсы алды. Айта кету қажет, Елбасымыз Әбішұлы Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған бейнематериал көрсетіліп, «Иассы» фольклорлық ансамблі Құрманғазының «Адай» күйін нақышына келтіріп орындаса, Балалар мен жасөспірімдер орталығының «Балауса» бишілер тобы «Шаттық» биін ұсынды. Сонымен қатар, Түркістан қаласының әкімі Өсербаев Әліпбек Шәріпбекұлы мерекелік құттықтау сөз сөйлеп, қала халқын мерекемен құттықтап, қаламыздың дамуына үлес қосып жүрген бірнеше азаматтарды арнайы Алғыс хаттармен марапаттады. Мұнан кейін мәдениет үйінің әншілерінің орындауындағы «Менің елбасым» әні мен хор ұжымының «Егемен Қазақстан» әні мерекенің ажарын одан әрі аша түскендей болды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*