Мақтааралда бос мемлекеттік лауазымдар жәрменкесі өтті

Мақтарал ауданы әкімінің аппаратында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдар жәрмеңкесі болып өтті. Іс-шараға мемлекеттік қызметкер болғысы келетін аудан жастары қатысты.Мақтарал ауданы әкімі аппаратының Персоналды басқару жөніндегі бөлімінің басшысы Нұрбол Саттаров мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасудың тәртібі туралы толық түсіндіріп өтті. Сондай-ақ, бұл саладағы жауапкершіліктің өте жоғары болатындығын, дәл қазіргі таңда ауданда 9 мемлекеттік әкімшілік лауазымдар бос тұрғанын айтты.

Іс-шара барысында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамындағы» кәсіби мемлекеттік аппарат құрудағы 15 қадамы бойынша да тоқталып өтті.

Айта кетейік, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді және мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеудің жаңа тәртібі бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін білуге арналған тестер қосылған. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға үміткерлер ҚР-ның Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің ресми memkyzmet.kz сайтының онлайн-тестілеу айдары арқылы тестілеуге дайындық жүргізе алады.

(с) Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*