Мақтааралда әлеуметтік салаларға қатысты арыздар бойынша жиын өтті

Оңтүстік Қазақстан облысы Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы Мақтаарал ауданында осы жылдың 9 айында атқарылған жұмыстардың қорытындысын саралады. Жиынға Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Жолдасбеков, Оңтүстік Қазақстан облысы Еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманың басшысы Алмасбек Мамытбеков, Оңтүстік Қазақстан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының төрайымы Зәуре Маханова, Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік палатасы Мақтарал аудандық филиалының директоры Т.Бапаев қатысқанын айта кету керек.Сонымен қатар, жиында Оңтүстік Қазақстан облысы Еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманың мемлекеттік еңбек инспекторы Р.Дурменов ауданымыздағы Еңбек заңнамасының сақталуы жөнінде баяндама жасады. Оның айтуынша, 2017 жылы Мақтаарал ауданынан барлығы 105 өтініш тіркелген екен. Оның ішінде 100-і жеке тұлғалардан түскен болса, 5-еуі заңды тұлғалардан келген көрінеді.  Мұнан бөлек, жеке тұлғалардың өтініштерінің ішінде 67 өтініш білім саласынан, 12 өтініш денсаулық сақтау саласынан, 21 өтініш жеке балабақшаларға қатысты екені анықталып отыр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*