Мақтааралдық шаруалар тік дренаждардың жұмысын жолғ қоюды сұрауда

Мақтаарал аудандық мәслихаттың депутаты Ә.Асауов жергілікті билік пен шаруалардың ауыл шаруашылығы мәселелерін шешу бойынша бас қосқан жиында тік дренаждар мәселесін жолға қою өзекті мәселе екенін айтып, дренаждар жұмысын жүйеге келтіретін білікті мамандар тапшы екендігін тілге тиек етті. Аудандық мәслихаттың тағы бір депутаты М.Ділдәбеков тік дренаждарға арналған ПУИД-3 бағдарламасын барынша тез қолға алу керектігін баса айтты.Өз кезегінде сөз алған Қазақстан фермерлер одағы республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ә.Дәрінов одаққа мүше болудың артықшылықтары мен тиімділігін түсіндіргенін айта кету керек. Оның айтуынша, шаруалар біріккенде ғана түйткілді мәселелерді шешуге болатыны, бір бастан екі бас артық екені түсіндірілді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев шаруалар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, алдағы уақытта тік дренаждар мәселесі толығымен өз шешімін табатынына сендірді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*