Шардарада Тұңғыш Президент күні қарсаңында мемлекеттік қызметкерлер ант қабылдады

Тұңғыш Президент мерекесі күніне орай бір топ мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер ант қабылдады. Шардара ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өткізілген іс-шараны аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиевжүргізіп отырды.«Өздеріңізге белгілі, Тұңғыш Президент күні 2011 жылдың 10 желтоқсанында Парламент Сенатының толық отырысында қол қойылып, бүкіл елден қолдау таба білген мереке. Мемлекеттік деңгейде аталып өтіп келе жатқан бұл мейрамның маңызы ерекше, тамыры да тереңде жатыр. 1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет қазақ даласында Президент сайлауы болып өтті. Міне, осынау тарихи күні Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бүкілхалықтық сайлауда 98,7 пайыз дауысқа ие болып, бірауыздан ел Президенті болып сайланды. Бұл мерекенің тойлануының өзіндік ұлтқа берері мол. Осы мереке арқылы жас ұрпақ Тәуелсіз Қазақстанның тарихын танып, оның ел болып қалыптасу жолында қандай тұлғаның аянбай еңбек еткенін жадында сақтауына үлес қосады», — деді ол.

Мұнан кейін ант қабылдау рәсімі басталды. Алғаш болып мінбеге көтерілген қала әкімі Жалғас Нұрымбет:
–Мен Нұрымбет Жалғас Жүнісұлы, мемлекеттік қызмет атқаруды қоғам мен мемлекет тарапынан айрықша сенім білдіру ретінде бағалап, Қазақстан халқы алдындағы өзімнің биік жауапкершілігімді сезіне отырып, елдің Конституциясы мен заңдарын сақтауға, халқыма адал да білікті қызмет етуге салтанатты түрде ант етемін, — деп көпшілік алдында ант берді.
Дәл осындай мазмұнда Алатау батыр ауылдық округінің әкімі Талғат Ешенқұлов, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Шынболат Райханов, аудандық ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы Сағындық Ізбасқанов салтанатты түрде ант қабылдады.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*