Шардарада биыл ауылшаруашылығы зиянкестеріне қарсы жұмыстар жоғарғы дңгейде жүргізілген

Шардара ауданында биылғы жылы ауылшаруашылғы зиянкестеріне қарсы күрес өте жоғары деңгейде жүргізілді. Естеріңізде болса, 2016 жылы күрт көбейіп шыға келген шегіртке аудандағы 337,2 гектар алқапты жайпап өтіп, шаруаларға 10 млн 483 550 мың теңгенің шығынын келтірген болатын. Биылғы шегірткемен күрес жұмысын облыс әкімі Жансейіт Түймебаев тікелей бақылауында ұстап, зиянкестерге қарсы барлық керек-жарақпен қамтамасыз етіп отырғанын айтып өтуіміз керек. Сол нәтижелі жұмыстың арқасында диқан қауымы алаңдамай жұмыс істеп, межелеген көрсеткішке қолдарын жеткізген. Бұл жөнінде аудан әкімі Болатбек Қыстауов «Алтын күз 2017» мерекесінде айтып өтті.Мұнан соң марапаттау рәсімі басталды. Аудан әкімі Болатбек Дүйсенбекұлы биік көрсеткішке қол жеткізген шаруалар мен ауыл әкімдерін, мекеме басшыларын арнайы сертификатпен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Еңбек озаттарына деген мұндай марапатты аудандық мәслихат хатшысы Бұлтбай Мүтәлиев пен аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев те жасады.
Мереке барысында аудандық «Абай» Мәдениет сарайының және аудандық балалар мен саз мектебінің өнерпаздары әсем әннен шашу шашып, сахналанған көріністер қойды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*