Қазақстан халқы Ассамблеясы – Елбасы құрған бірегей институт

Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың ұйымдастыруымен 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай «дөңгелек үстел» мәжілісі өтті. Шымкент қаласындағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында өткен жиынға облыстық ассамблея жанындағы ғылыми-сарапшылық топ мүшелері, ғалымдар, облыстық этномәдени бірлестіктер мен ассамблея жанындағы құрылымдардың жетекшілері, діни конфессиялардың өкілдері, «Нұр Отан» партиясының қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Мәжілісті ашқан ОҚО ҚХА төрағасының орынбасары, облыс әкімі аппараты ассамблея хатшылығының меңгерушісі М.О.Қалмұратов: «Тұңғыш Президент күні» мерекесінің бекітілуі халықтың өз көшбасшысына деген құрметі. Бұл осыдан 26 жыл бұрын Нұрсұлтан Назарбаевты Президент етіп сайлаған халықтың сәтті жасалған таңдауына деген құрмет», деді. 

Тәуелсіздіктің бірінші күнінен бастап Мемлекет басшысы еліміздегі алуан түрлі мәдениеттер мен этностар арасында төзімділік қарым-қатынасты қалыптастырудың мақсаты мен дәйекті саясатын ұстануды ұсынғанын айтқан хатшылық меңгерушісі жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясаттың маңыздылығына, Елбасының тарихи шешімдеріне кеңінен тоқталды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*