ОҚО-дан арнайы делегация Елбасының туған жеріне барды

1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай, Оңтүстік Қазақстан облысынан арнайы делегация Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туған жеріне барды. Айта кету керек, аталмыш топ мүшелері Алматы облысы, Қарасай аудандық тариxи — өлкетану мұражайындағы бүгінгі — тұлға, ертеңгі-тарих Елбасының балалық шағы мен өмір жолынан мол мағлұматқа қанық болды.Сонымен қатар, Елбасының курстасы, Түлкібас ауданының Құрметті азаматы Марат Қыстаубаев, еліміздегі болмысы бөлек ерекше жан, ең ұзын адам Қалдыбай Атажанов, Оңтүстік Қазақстан облысы шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің мүшесі Хасан Бациев, Қазақстан Республикасы өзбектері “Дустлик” қауымдастығы төрағасының орынбасары Усманәлі Қадыров, жазушы, фантаст Сарманбай Исақов, Бәйдібек ауданының Құрметті азаматы Абзал Әділбеков, ұстаз Жұмаxан Керімбеков және Айғақ телеарнасының түсірілім тобы мен «Бізбен бірге» еріктілер мектебінің белсендісі, жас блогер Лаура Серікбай сияқты бір топ мүшелермен делегация құрамы толыққанын айта кеткен жөн.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*