Арыста «әйелдерге қатыты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өтуде

Ұлт болашағы – ұрпақ тәрбиесіне тәуелді. Ал тәрбие негізін, ең алдымен қоршаған ортасы қалайды. Сондықтан ұлтымыздың келешегі кемел, жолы жарқын болу үшін жастар, оның ішінде қыздардың тәрбиесі дұрыс болуы керек. Осыған орай, «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» халықаралық акциясы аясында қаламыздағы С.Адамбеков, С.Сейфуллин, С.Қожанов, Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектептерінде кездесу өтті.Жиынның мақсаты зорлық–зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін, жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау, балаларды азғындық жолға түсірудің алдын-алу болып табылады.
Аталған жиынға Арыс аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы А.Мырзахметова, «Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі» секторының психологы Ж.Абылова, Арыс аудандық емхананың психологы А.Арапбек, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қызметкерлері қатысып, «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы» Заңы аясында баяндама жасады.
Жиын барасында зорлық-зомбылықтың алдын-алуға бағытталған бейнероликтер көрсетіліп, жадынамалар тарқатылды.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*