Арыс қаласында заманауи қонақ үй ашылды

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, жеке кәсіпкер М.Ержігітовтың бастамасымен жаңадан бой көтерген заманауи «MADANI» қонақ үй кешенінің ашылу салтанаты өтті.Сонымен қатар, айта кету керек қонақ үйдің ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары С.Дәрібай, зиялы қауым өкілдері, туған-туыстары қатысты. «Мұндай көрнекті нысандардың ашылуы – Арыстың экономикасы ілгері дамып келе жатқанын білдіреді. Өз кәсібін ашқысы келетін кәсіпкерлер үшін мемлекет тарапынан көмек те бар. Заманауи қонақ үйлер бизнес үшiн жақсы салым, қаламыздың туристiк әлеуетiн арттыруға үлесiн қосып, жаңадан жұмыс орындары ашылып отыр», — дедi қала әкімінің орынбасары С.Дәрібай.
Жаңадан ашылған екі қабатты ғимаратта заман талабына сай жасақталған қонақ бөлмелер, асхана, автокөлік жуу, автокөлік жөндеу цехтары орналасқан.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*