Басты мақсат-халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру

Елбасының «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарын» орындау мақсатында сот және құқық қорғау органдарымен қылмыстық процестің реформалаулы бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.Сондықтан, осы жағдайларды ескере отырып облыс прокуратурасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, ішкі істер органдарымен, қылмыстық атқару жүйесімен және мемлекеттік қызмет Департаменттеріен бірлесіп қылмыстық қудалау және мемлекеттік қызметтің аумақтық органдарына тәжірибелік көмек көрсету, сондай-ақ халыққа сапалы құқық қорғау қызметтерін көрсету бойынша жұмыстар ұйымдастырылды.
Осыған орай, қала әкімдігінің мәжіліс залында Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының бастамасымен Арыс қаласында азаматтардың заңды құқықтарының қорғалуы, қылмысқа қарсы күресті күшейту, қала аумағында шешімін күткен проблемалық мәселелерді анықтап шешу жолдарын қарастыру, жеке және заңды тұлғалардың арыз өтініштерін жүйелендіру үшін тәжірибелік көмек көрсету тобының қатысуымен жиын өтті.
Мақсаты – қылмыстың жағдайы мен есептеу-тіркеу тәртібін тұрақтандыру, қызметкерлердің биліктігін көтеру, органдардың қызметінің сапасын көтеру, созбаландыққа салынған және өзекті істер бойынша нақты шешім қабылдау, қылмыстық процес қатысушалардың шағымдарын азайту болып табылады.
Аталған жиында ой-пікірлер ортаға салынып, көкейде жүрген сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар берілді.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 28 қараша күні сағат 10.00-де Жиделі ауылдық округінде, 12.00-де Байырқұм ауылдық округінде, 16.00-де Қожатоғай ауылдық округтерінде созбаландыққа салынған қылмыстық істер бойынша талқылау, құқық қорғау органдарының қызметіне талдау жүргізу, қайталама шағымдарды түпкілікті шешу бойынша кездесулер өтеді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*