Төлеби ауданында 28 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілген

Оңтүстіктегі Төлеби ауданы шаруасы шалқыған төрт түлігі төскейде жусап, дархан дала төрінде егіні жайқалып, көшелері гүлмен көмкеріліп көркіне көрік қоса түскен өңір. Өзге аудандардан бір қадам алда тұрған ауданымыздың тыныс-тіршілігіне зер салсаң қайнаған тірлік, маңдайдан тамған еңбекті көресің. Ауданның көркейе түсуіне өзіндік сән беретін ол, әрине, көшелердегі жол сапасы. Қала, ауыл көшелері асфальтталып, көркіне көрік қосылса бұл әрбір тұрғын үшін мақтаныш.Биыл 2017 жылы Төлеби ауданындағы елді мекендердің ішкі көшелерін тегістеу, тас төсеу және асфальттауға аудандық бюджет есебінен қаржы бөлініп, бүгінгі күнге дейін бірталай жұмыстар атқарылды. Жыл басында таспырыс беруші мен мердігер мекемелер арасында келісім-шарттар түзіліп, өндірістік жұмыс жүргізу кестелері бекітілді. Аудан бойынша биыл жөнделуі жоспарланған 30 көшенің 28-інде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Олар: Бірінші Мамыр ауылдық округі бойынша: Зағамбар елді мекеніндегі №2 көшенің 3,4 шақырымы, Ынтымақ елді мекеніндегі Мереке көшесінің 3,2 шақырымы, Бірінші Мамыр елді мекеніндегі Таубай ата көшесінің 1,4 шақырымы, Жаңажол елді мекеніндегі Еңбек көшесінің 1,5 шақырымы және Наурыз көшесінің 0,8 шақырымы орташа жөндеу жұмыстарынан өтті.  Киелітас ауылдық округі бойынша: Сұлтан Рабат елді мекеніндегі Шалпая көшесінің 3,5 шақырымында, Ақайдар елді мекеніндегі Мерей көшесінің 1,9 шақырымында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.   Кемеқалған ауыл округі бойынша:  Әңгірата елді мекеніндегі А.Сарыбасов көшесінің 1,270 шақырымы, О.Танабайұлы көшесінің 0,8 шақырымы орташа жөндеуден өтті. Қасқасу ауыл округі бойынша: Кеңесарық елді мекеніндегі Таулық көшесінің 2,1 шақырымында,  Б.Исакулов көшесінің 1,1 шақырымында, Қасқасу елді мекеніндегі Ұлан көшесінің 1,3 шақырымында орташа жөндеу, К.Халметов көшесінің 0,5 шақырымында орташа жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*