Төлебиде ашық әкімдік жобасы аясында қоғамдық қабылдау өтті

«Нұр Отан» партиясының Төлеби аудандық филиалының ұйымдастыруымен Төлеби ауданының әкімі Бұхарбай Рысқұлұлы Парманов Көксәйек ауылдық округінің тұрғындарымен көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді. Айта кетейік, бұл отырыста не мәселе талқыланғаны жөніндегі ақпарат Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 институционалдық реформасын жүзеге асыруға негізделген «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 94 қадамы аясында қала әкімдігінің ресми веб сайтында жарияланып отыр.

Қабылдауға «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары Қуаныш Қансейітов, дербес бөлім басшылары, мекеме басшылары қатысты.

Ауыл тұрғындарымен кездесудің алғы сөзінде аудан әкімі аймақта атқарылып жатқан, атқарылуы тиіс жұмыстар жайлы сөз қозғап, қабылдауды еркін форматта өткізуді ұсынып, көкейде жүрген сауалдар не ұсыныс-пікірлер болса ортаға салып айтуды сұранды.

Сұрақтардың бірқатарына тоқталсақ. Зейнеткер С.Абеев санаторияға немесе сауықтыру орталықтарында сауығу үшін зейнеткерлерге қаншалықты жеңілдіктер бар екенін сұрады. Бұл сұраққа аудан әкімі Б. Парманов: сауықтыруға жолдаманы алу үшін әр ауылдық округтің халық санына байланысты 10 пайыздық көлемде бөлінетінін түсіндіріп, алдағы жылы жолдаманың санын көбейту жолдары қарастырылатынын айтты.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*