Төлебиліктер аудан әкімінен жарық мәселесін шешіп беруді сұрады

Төлеби ауданындағы Көксәйек ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Қозданбаев, «Нұр Отан» партиясының  аудандық филиалында өткен ашық әкімдік акцмясында аудан әкімі С. Пармановқа арнаған  өз сұрағында  Көксәйек елді мекеніндегі түнгі жарықтың елді мекен бойынша толық бітпегенін және түнгі жарық лампаларының жарығы толық қанағаттандырмайтыны туралы айтты. Бұған аудан әкімі Б. Парманов, бұл мәселелерден хабары бар екенін және келешекте энергияны үнемдеу үшін диодты лампаларға ауыстыру мәселесін шешуді ауыл әкімі А. Қабылбековке жүктеді.

Амангелді көшесінің тұрғындары атынан азамат О.Мамедалиев аталған көшеде 1975 жылдардан бері электр бағаналарының ауыстырылмағанын айтып, ауыстырып беруін өтінді.  Бұл сұраққа, «Оңтүстік Жарық» ЖШС-ның Төлеби аудандық тарату бөлімінің басшысы Е.Қаратаев бұл мәселеден хабары бар екенін, электр бағаналары жоспар бойынша кезең-кезеңімен ауыстырылатыны туралы түсіндіріп, толық мәліметін берді.

Әрбір сұрғанына аудан әкімінен және тиісті мекеме басшыларынан тұшымды жауап алған қоғамдық қабылдауға жиналған қауым атынан ризашылығын білдіріп, жиын соңында ауыл ақсақалы С.Абеев өзінің ақ батасын беріп жұмыстарына сәттілік пен береке тіледі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*