Оңтүстікте 10 жексенбілік мектеп бар

Оңтүстік Қазақстан облысында бүгінде  20 облыстық этномәдени бірлестік және олардың аудандар мен қалаларда 51 филиалы әрекет етеді. Этнобірлестіктер жанындағы 10 жексенбілік мектепте 1788 тыңдаушы ана тілдері мен мемлекеттік тілді тереңінен оқып-үйреніп, ұлттық салт-дәстүрлері мен мәдениетін танып-білуде.

2017 жылы облыс аумағында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат аясындағы жобаларды іске асырып, іс-шаралар ұйымдастыруға облыстық бюджеттен 66,4 млн. теңге қаржы қаралған.

Биылдың жеті айында  өңірдегі этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді сақтау бағытында облыстық ассамблея тарапынан 103 іс-шара өткізілді. Шымкент қаласында Елбасының қатысуымен «Қазақ еліне мың алғыс!» монументі мен қайта құрылымдаудан өткен «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратының ашылу салтанаты өтті.

Облыстық ассамблеяның бастамасымен «Берекелі бірлікпен рухани жаңғыруға» тақырыбында облыстық ассамблеяның ХХ сессиясы, этномәдени бірлестіктер үшін мал бордақылау кешенінің базасында шеберлік сабағы, кәсіпкерлікті дамытуда қаржы ұйымдары өкілдерімен кездесу, Алматы, Астана қалаларынан келген ақын-жазушылармен жүздесу, өңірдегі жастармен еркін форматтағы кездесу, ассамблея жанындағы құрылымдардың өзекті мәселелерге арналған көшпелі отырыстары, «Street workout» спорты түрінен «Достық кубогы» үшін жарыстар,«Достық керуені» жобасы аясында саяхатұйымдастырылды.

Ал, облыстың аудан, қалаларында этномәдени бірлестіктер тарапынан оңтүстік жұртшылығын берекелі бірлік пен ырысты ынтымаққа үндейтін 7 мыңға жуық адамның қатысуымен 121іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілген.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*