Төлебидегі мектептер жылу маусымына дайындығын пысықтады

Төлеби аудандағы 67 мектептің 66-сы автономды жылыту жүйесімен, ал Тағайна орта мектебі пешпен жылытылады. 37 мектеп көмір, 31-і сұйық отын пайдаланады. Қажетті көмір мектептерге тасылып, арнаулы қоймаларда сақтаулы тұр. 67 мектептің жылыту жүйесі сығымдаудан өткізіліп, ақаулары жөнделді. Білім бөліміне қарасты барлық білім мекемелері ағымдағы жөндеуден өтіп, жаңа оқу жылы мен күзгі-қысқы кезеңге дайын.
Бірінші Мамыр ауылдық округіне қарасты Алғабас елді мекенінде Алғабас жалпы орта мектебінің 200 орынға лайықталған жаңа оқу ғимараты пайдалануға берілді.
Салтанатты іс-шараға Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Г.Саметова, аудан әкімінің орынбасары Ғ.Төлепов, аудандық мәслихат хатшысы Н.Қойбағаров, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Шыңғысбаев, Алғабас ауылынан шыққан Қуашбаев Саттар, Темірбеков Амангелді, т.б. белді азаматтар, зиялы қауым, ауыл белсенділері, БАҚ өкілдері қатысты.
Бірінші Мамыр ауылдық округі Алғабас елді мекеніндегі орта мектептің құрылысы 2016 жылдың қыркүйек айында басталған еді. Мектептің оқу корпусы, шеберхана, кітапхана, қазандық, әжетхана ғимараттарының құрылыс-монтаж жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді, мектептің құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме — «Қаржан-тау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*