Бір күнде 3 қуаныш

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкентте — Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай «Астана» тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. Cондай-ақ, 3 қабатты қабылдау-диагностикалық, реанимациялық-ота жасау корпусы ашылды. Қайта жөндеуден өткен «Металлургшілер» саябағы салтанатты қонақтарын қабылдады.

96 отбасына пәтер кілтін табыстаған облыс әкімі жаңа қоныс берекелі және ырысы мол орынға айналуын тіледі. Астана тұрғын үй кешенінің пәтерлері жайлылығы жағынан екінші санатқа  жатады. Бүгін екі блокты іске қосқан құрлысшылардың келесі жылы және екі блок пайдалануға беріледі деген жоспары бар. Құрылыс инвестиция салу арқылы іске асқан жобалардың бірі. Жалпы ОҚО жыл басынан бері 5189 пәтер пайдалануға берілген.

Облыс әкімі  ат басын бұрғын және бір нысаны Шымкент қалалық медециналық көмек көрсету ауруханасы жанынан салынған 3 қабатты қабылдау диогностикалық реанимациялық ота жасау корпусы болды. Жаңадан салынған корпус науқастарға сапалы жоғары техналогиялық медециналық көмек көрсету үшін заманауй медециналық техникамен, құралдармен жабдықталған. Аталған жаңа корпустың құрылыс екі жыл жүргізілген.

Ал 1957 жылы іргетасы қаланған «Металург» саябағы қайта құрудан өтті және аумағы 3,5 гектардан 5 гектарға ұлғайды. Ескі қураған ағаштар қырқылып орнына жаңа көшет егілді. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев та қылқан жапырақта көшет отырғызып, саябақтың гүлденуіне үлесін қосты.

Міне осылай оңтүстіктің орталығы Шымкент қаласында бір күнде үш бірдей жағымды жаңалық іске асты . Шараның бәрі еліміздің тұңғыш президенті мерекесіне орайластырылғанын қала тұрғындары қуанышпен құптады .

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*