Ауданға цирк келді

Ауылдан түлеп ұшқан өнерпаздар туған жеріне тағзым етті. Оңтүстік цирк мекемесі ел игілігі үшін еңбек етіп, мәдениет пен өнерді ұштастырып жүрген әртістерді өз туған елінде насиxаттау жобасын қолға алды. «Туған жер» бағдарламасының алғашқы аялдамасы Шаян қаласынан бастау алды. Мұнда ең үздік өнерпаз марапатына ие болған  Ержан Таңатов балаларға өзінің қызықты нөмерлерімен ерекше көңіл күй сыйлап, қалың көрерменнің қошеметіне бөленді.. Өнер майталманына бұл кеште аудан әкімінің арнайы алғыс xаты мен сый-сияпаты табысталды.
Сайқымазақ Ержан Таңатов болса,  өзі еңбек етіп кеткен  Бәйдібек ауданына келіп балаларды қуантып, оларға бір күн болса да шатық сыйлағанына дән риза екенін айтады.  Өнерін бағалауда  ең үлкен сый ол балалардың күлкісі екенін жасармайды.
Айта кетейік кеш барысында «Оңтүстік цирктің» өзге де әртістері өнер көрсетіп, аудан xалқына керемет көңіл-күй сыйлады. Бағдарлама аудан xалқы мен қонақтарына тегін көрсетілді. Мұндай бағдарламалар алда әліде өзге аудандағы ауылдарда жалғасады дейді ұйымдастырушылар.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*