Жаңа компрессорлық сатанция қосылды

 «Қазақстан-Қытай» газ құбырының «С» тармағында жаңа компрессорлық станция жұмысын бастады. Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» су жаңа нысанды пайдалануға берді. Шардара ауданы Көксу кентіне таяу жерде орналасқан және магистральдық газ құбырының жоспарланған 8 станциясының бірі болып табылады. Инвестициялық жобаны салу мен одан әрі пайдалануды үш бірдей кәсіпорын іске асырды.

Газ инфрақұрылымының жаңа нысаны газ құбырының өнімділігін арттыруға, жылына 25 млрд. текше метрге дейін газ тасымалдау көлемдерін ұлғайтуға мүмкіндік береді.  Әрі тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн тәртібінде үздіксіз тасымалдау процесінің барынша тиімділігін қамтамасыз етеді.
Төрт бірдей мемлекетті – атап айтқанда Түркіменстан, Өзбекстан, Қазақстан және Қытайды байланыстыратын өткізу қабілеттілігі мен ұзындығы бойынша алпауыт «Орталық Азия — Қытай» трансұлттық газ құбырының құрамдас бөлігі болып табылады.
Станция жетекші әлемдік өндірушілердің заманауи жабдықтармен жасақталған. Оларда «Rolls Royce» компаниясының газ айдаушы агрегаттары орнатылған. Жобалық қуаты сағатына 516 мың текше метр газ айдауға арналған.
Пайдаланылған инновациялық жабдық, сондай-ақ қосалқы технологиялар кешені магистральдық газ құбырын пайдаланудың барлық кезеңі ішінде қауіпсіз және технологиялық үздіксіз газ тасымалдауды қамтамасыз ете алады. Мамандардың пікірінше, газ инфрақұрылымының жаңа нысаны еліміздің транзиттік мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ отандық және шетелдік газ нарығында негізгі газэнергетикалық және газ тасымалдау компаниясы болып табылады. Мекеме тауарлық газды магистральдық газ құбырлары мен газ тарату желілері бойынша тасымалдау жөніндегі орталықтандырылған инфрақұрылымды басқарады. Халықаралық транзитті қамтамасыз етіп, газды ішкі және сыртқы нарықтарда сатумен айналысады.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*