«Тәуелсіздік тұғырын бекіткен Елбасы» фотокөрмесі

Шымкент қаласындағы «Shymkent Plaza» сауда ойын-сауық орталығында 1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күніне арналған «Тəуелсіздік тұғырын бекіткен Елбасы» атты фото көрме ашылды. Президент күніне арналған іс-шараның  барысында тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бүгінге дейін еліміздің тұрақты дамуына негіз болып келе жатқан Мемлекет басшысының саясаты мен идеясының айналасына қоғамды топтастырғандығының айғағын көрсететін, тəуелсіздік жетістіктерін бейнелейтін шамамен 50-ге жуық сурет ұсынылды. Көрмеде, сондай-ақ, Ұлт көшбасшысының көп ұлтты, көп конфессиялы, тәуелсіз, демократиялық Қазақстанның қалыптасуы мен тұтастығын сақтаудағы рөлі, Қазақстанның сыртқы, ішкі саясаттағы жетістіктері жəне мемлекет басшысының басқаруымен республикамыздың сан-салалы, көпқырлы дамуы көрсетілді. Аталған іс-шараға облыс əкімі Ж.Түймебаев, облыс əкімдігінің өкілдері, Шымкент қаласының əкімі Н.Сауранбаев қатысты. Сондай-ақ көрмені тамашалауға келген қала тұрғындары мен қонақтардың қарасы қалың болды. Олар әрбір суретке үңіле қарап, қызығушылықтарын білдірді.  Көрменің соңы мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты. Жиналған қауым керемет көрмемен бірге әсем ән тыңдап ерекше көңіл күйде тарқасты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*