Шымкенттегі №1 емханада «Ашық есік күні» өтті

30 қарашада Шымкент қалалық №1 емханасы Тұңғыш Президент күні қарсаңында, «Ашық есік күнін» өткізді. Шара барысында ақ халаттылар 500 адамның саулығын тексеріп, хәлдерін білді. Нақтырақ айтқанда, емделушілердің қан қысымдары өлшеніп, дене салмағының индексі анықталып, зертханалық тексерулерден өткізілді. Сонымен қатар, дұрыс тамақтану, артық салмақтың алдын алу ,физикалық белсенділік, қауіпті мінез құлық факторларының алдын алу бойынша кеңестер беріліп, ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.Мұнан өзге, Ашық есік күнінде денсаулық мектептерінде 2 сабақ жүргізіліп, оған 14 адам қатысты.  Ал, шара аясында емханаға келген 500 адаммен сұхбат жүргізіліп,  денсалуқтары жайлы ақпар жиналды. Түсіндірме жұмыстарын кеңінен жүргізу мақсатында 350 дана парақшалар таратылып, 150 буклет жасалды. Емхана холлында телеарнадан аурулардың, қауіпті мінез құлық факторларының алдын алу, дұрыс тамақтану, артық салмақтың алдын алу ,физикалық белсенділік, МӘМС бойынша бейнероликтер көрсетілді. Санитарлық бұрыштар жасалып, 2 ақпарат тақтасы орналастырылды.Айта кету керек, «Ашық есік күні» Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің 2017 жылғы 3 қарашадағы №17-32-26.327 хатына сәйкес, ұйымдастырылып отыр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*