ОҚО-да биыл интенсивті бау 8 мың гектарға ұлғайтылды

Аграрлы аймақ болып табылатын — Оңтүстік Қазақстан облысының егіс көлемі осы жылы 72,4 мың гектарға ұлғайтылып,   861 мың га жеткізу жоспарлануда.

Сонымен қатар, өңірде интенсивті бау, жылыжай, жаңғақ шаруашылықтарын дамыту жұмыстары да белсенді түрде жүргізілетін болады. Мәселен, Қазығұрт, Төлеби, Сайрам аудандарында қарқынды алма мен жаңғақ бауларын, ал Шымкент қаласы мен Сарыағаш ауданында жылыжай кешені агроаймақтарын қосу  көзделуде.

Дәстүрлі баулардан орташа гектарына 5-10 тонна өнім алынса, интенсивті баулардан 50-60 тонна өнім жинауға мүмкіндік бар. Осыны ескерген диқандар жаңа технология бойынша бауларды көбейтуді көздер отыр.

Яғни, осы жылы интенсивті баулардың көлемі 8 мың га ұлғайса, жаңғақ көшеттері 2,5 мың га егілетін болады. Ал, жылыжайлар қосымша 1 177 га салынып, 2 300 га жетеді.  Сонымен бірге тамшылатып суғару әдісі 44 мың га енгізіледі. Осы атқарылатын жұмыстардың нәтижесінде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 1,4 есеге артып, 624 млрд. теңгеге, экспорттың үлесі  22 пайыздан,  35%-ға көтеріледі деп жоспарлануда.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*