«Түркістан — Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында 40 астам шара өткен

Түркістанда өтіп жатқан ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы тұрақты Кеңесінің 35-ші отырысы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Жансейіт Түймебаев, Түркі әлемінің 2017 жылғы мәдени астанасы аясында Түркістан мен Шымкент қалаларында ұлы даланы дүбірге бөлеген, түркі тұтастығын тереңдете түсетін мәні мен мазмұны астасқан ауқымды 40-тан астам шара ұйымдастырылғанын атап өтті. Сондай-ақ, әкім 2020 жылы Шымкент қаласы ТМД елдерінің мадени астанасы болып жарияланғанын айтып, барша түркі халқын аталмыш іс-шараның қадірлі қонағы болуға шақырды.

Халықаралық ұйымына мүше Мәдениет министрлерінің дәстүрлі кездесуінде ТҮРКСОЙ-дың өткен жылғы атқарған есебі тыңдалып, 2017 жылы Түркі халықтарының мәдени-рухани байланыстарын нығайту жолында атқарылған шаралар талқыланды. Сонымен бірге, ұйымның алдағы жылға арналған жоспары мақұлданды. Алқалы жиын нәтижесінде қатысушылар ТҮРКСОЙ тұрақты Кеңесінің ХХХV отырысының Декларациясы мен жұмыс хаттамасын қабылдап, қол қойды.
Сонымен қатар, Кеңес отырысына қатысушы түркі елдерінен келген қонақтар қолөнер орталығындағы «ТҮРКСОЙ» бейнелеу өнері көрмесін тамашалап, онда суретшілер кездесуінің жеңімпазына ТҮРКСОЙ арнайы сыйлығын тапсырады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*