Бейнероликтер байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің (әрі қарай — Департамент) ұйымдастыруымен №52 мектеп-лицейінде оқушылар мен студенттер арасындағы бейнероликтер байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Конкурстың мақсаты – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті дәріптейтін құндылықтарды түсіндіру, сақтау және нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Марапаттау рәсімінде сөз сөйлеген департаменттің өкілі Г.Мұсабекова байқауға қатысқан студенттер мен оқушыларға департамент атынан алғыс білдірді. Сонымен қатар, Гүлжан Есенқызы іс-шараның өткізілу мақсаты мен себептеріне тоқталып өтті.
Қазылар алқасы құрамында Департамент, «Нұр Отан» партиясы ОҚОФ, облыстық білім басқармасы, кәсіподақ және БАҚ өкілдері болды. Олар бейнероликтерді бағалау барысында жұмыстың сапасына, мән-мазмұнына және маңыздылығына ерекше көңіл бөлді.
Сонымен, байқау қорытындысы бойынша І-орынды М.Мақсат иеленсе, ІІ-орындарды А.Әбдіғаппар, Б.Шамшидин, ІІІ-орынды Г.Құлжа иеленді. Жеңімпаздарға алңыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Ал салтанатты шара концерттік бағдарламаға ұласты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*