Отырар ауданында жыл соңына дейін ауылшаруашылық өнімдерінің көрсеткіші 104,8 пайызға жетеді

   Аудан әкімі Ерлан Айтахановтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Жиында білім, денсаулық, мәдениет, әлеуметтік мекемелердің және жеке тұрғын үйлердің өртке қарсы дайындығы, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының индикаторлық көрсеткіштерінің орындалуы, ықтимал су тасқынының алдын-алу жұмыстары, Көксарай ауылындағы ауыз су мәселесі, Елдімекендерді газдандыру бойынша атқарылған жұмыстар т.б. мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша баяндама жасаған аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Мұратқали Серікбаев аудандағы мемлекеттік мекемелер мен жеке тұрғын үйлерге тексеру-түсіндірме жұмыстары жүргізілгендігін, көптеген мекемелерде өртке қарсы тиісті шаралардың сақталмағандығын жеткізіп, өртті алдын-алу шараларын атқару қажеттілігін ұсынды.
Сонымен қатар, күн тәртібіндегі өзге де мәселелер бойынша аудан әкімінің орынбасарлары Рыскелді Әліш ауданымыздың 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге тоқталып, баян етті. Рыскелді Салхутдинұлының айтуынша жыл соңына дейін ауданымыздағы өндірілген өнеркәсіп өнімдері өткен жылмен салыстырғанда 104 пайызға, ауыл шаруашылық өнімдері 104,8 пайызға, негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 105,4 пайызға жеткізу көзделіп отырғандығын тілге тиек етті. Ал, ықтимал су тасқынының алдын-алу жұмыстары жөнінде сөз алған Әбдіғали Айтжанұлы Аққұм, Көксарай, Маяқұм, Балтакөл ауыл округтері аумақтарындағы өзен жағалауларында дамбы көтеру жұмыстары жүргізіліп жатқандығын айтты.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Ерлан Қуанышұлы Көксарай ауылындағы таза ауыз су, елді мекендерді газдандыру жұмыстарын жандандыруды ескертті. Жоғарыда аталған тапсырмалар мен индикаторлық көрсеткіштерді орындауда кемшіліктер жіберген ауыл округі әкімдері мен тиісті бөлім басшыларының жауапкершілігі қатаң қаралатындығын жеткізді.

 

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*