ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы болып Дүйсен Қасейінов қайта сайланды

Халықаралық түркі мәдениеті мен өнерін бірлесіп дамыту (ТҮРКСОЙ) ұйымының Бас хатшысы болып Дүйсен Қасейінов қайта сайланды. Түркістанда өткен ТҮРКСОЙ Тұрақты Кеңесінің 35-ші отырысының мүшелері дауыс беріп, оның кандидатурасы қайта үш жылға сайлау туралы ортақ шешімге келді.

Тұрақты кеңестің  шешімімен Дүйсен Қасейінов Бас хатшы болып қатарынан төртінші мерзімге сайланып отыр. Ата кетейік, Дүйсен Құрабайұлы 2003-2004 аралығында Қазақстанның Мәдениет министрі болды. Ол ұйымға басшылық еткен 2008 жылдан бері  көп шаруалар атқарды. Ұйымның беделін көтеріп, оны түркі бірлігін нығайтатын ірі құрылымға айналдыра алды.

Бас хатшыға байланысты тағы бір жаңалық Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Дүйсен Қасейіновтің Түркияның Ыстамбұл, Болу және Анкара қалаларында «Бар байлығым – достарым» атты өнер фестивалі өтті. Концертке күллі түркі дүниесінің таңдаулы музыканттары жиылып, көпшілікке ұмытылмас кеш сыйлады

ТҮРКСОЙ құрамына бүгінде түркі тілдес елдер кіреді. Оның ішінде егеменді елдер, федеральды субъектілер мен автономды аймақтар бар.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*