Кәсіпкерлік саласының дамуында «Өрлеу» жобасының септігі зор

Бұл туралы Мақтарал ауданының әкімі аппаратында өткен  аудандық кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастыруымен қаржы ұйымдары 2017 жылы атқарылған жұмыстар бойынша есеп беру жиынында айтылды. Бас қосуға  аудан әкімі Ғ.Исмаилов, аудан әкімінің орынбасары Б.Төребеков қатысты.

Анық болғандай, «Ырыс» микроқаржы ұйымының Мақтарал ауданындағы өкілі Алмат Рысқұлов 2017 жылы ауданда жалпы сомасы 833 миллион 706 мың теңгені құрайтын 441 жоба жүзеге асқанын айтты. Оның ішінде 328 жоба көктемгі егіс егу және жинау жұмыстарына кетсе, 113 жоба мал шаруашылығы, балара шаруашылығы, жылыжай салу сияқты т.б. жобаларға қаралған. Ал, «Оңтүстік» аймақтық инвестициялар орталығынан 213 миллион 200 мың теңгені құрайтын 13 жоба жүзеге асыпты.

Мақтарал ауданында кәсіпкерлік саласының дамуына «Өрлеу» жобасы да өз үлесін қосып жатқаны тілге тиек етілді.  Яғни, ауданда 3046 отбасындағы 18909 адам дәл осы жобамен қамтылып, 1 миллиард 367 миллион 349 мың теңгеге тұғындар түрлі кәсіптер ашып, шаруашылықтарын дамытқан. Бұл туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Әбжанов мәлімдеді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*