Мақтааралдағы индустриялды аймақта келер жылы бірнеше жоба жүзеге аспақ

Мақтарал ауданының әкімі аппаратында аудандық кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастыруымен қаржы ұйымдары 2017 жылы атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Жиынға аудан әкімі Ғалым Исмаилов, аудан әкімінің орынбасары Б.Төребеков қатысқан болатын.

Сонымен қатар, жиында алғаш болып сөз алған аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Д.Толыбаев «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында Мақтарал индустриялдық аймағында жүзеге асқан және жоспарланған жобалар туралы кеңінен баяндады. Ондағы 2015 жылы іске қосылған «Береке» мақта зауытының жұмысы жайлы айта келіп индустриалды аймақта келер жылы сыртқы инвестицияның есебінен іске қосылатын «Soldatos» асфалт бетон зауыты (құны 1 млн АҚШ доллары), «Компания KADI»-дың күн электр стансасы (құны 2,5 млрд теңге) жобалары жайлы айтты. Мұнан өзге, Голландиялық «VTK Investments B.V» компаниясының күн электр стансасы, сондай-ақ ішкі инвестицияның есебінен салы өңдеу зауыты, гигеналық заттар өндірісі, полиэтилен өндіріс зауыттары да жүзеге асытыны жайында мәлімдеді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*