ОҚО-да телекөпір барысында жылына 1 миллион тонна тауар өткізуге қауқарлы кешен іске қосылды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың  қатысуымен өткен «Жаңа индустрияландыру: қазақстандық барыстың қадамы» ұлттық телекөпір барысында Шымкент қаласында орналасқан көлік-логистикалық орталығындағы «Continental Logistics Shymkent» А + санатындағы кешенді іске қосты. Мұнда құрғақ және климаттық қоймалардан бөлек, контейнерлік терминал, кедендік ресімдеу аймағы мен ілеспелі құрылымдары бар.

Сонымен қатар, телекөпірге Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев пен «Қазақстан темір жолы» ҰК »АҚ вице-президенті Санжар Елубаев және орталық қызметкерлері қатысты. Елбасыға жаңа нысанның маңыздылығы туралы вице-президент баяндады.«Құрметті Президент! Біз Шымкент қаласында мультимодельді көлік-логистикалық орталықтың құрылысын аяқтадық. Жыл сайын шамамен 1 млн тонна жүк өткізіледі. Біздің орталық — Шығыс-Батыс, Оңтүстік-Солтүстік ағынына қызмет ететін кеден аймағы мен толық сервистік желісі қамтылған заманауи кешен. Нұрсұлтан Әбішұлы, осы инфрақұрылымдық жобаны іске қосуға рұқсат етіңіз!», -деп сұрады «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ вице-президенті Санжар Елубаев.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*