ОҚО-да көлік-логистикалық орталық ашылды

Мамандардың айтуынша, «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» магистралі мен теміржол желісіне жақын орналасқан «Continental Logitics Shymkent» жаңа көліктік-логистикалық орталығының географиялық тұрғыдан тиімді орналасуында. Бұл өңірді көліктік-логистикалық хаб ретінде қалыптастыруға және Қазақстанның аумағы арқылы айналымды ұлғайтуға күшті серпін беретін жүктерді шоғырландыру және консолидациялау орталығы ретінде дамытуға ықпал етеді.

Айта кету керек, аймақтың жүк жөнелтушілер үшін артықшылығы Cross Docking мультимодальды қызмет көрсету жүйесін енгізуі. Бұл жүйе қоймалардағы қарапайым жүктерді қоспағанда, әсіресе, үлкен көлемде Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан мен Ресейден жеткізілетін жеміс-көкөніс өнімдері сияқты бұзылатын тауарлар үшін өте маңызды болып табылады.

Қазіргі кезде жалпы аумағы 92 гектарды құрайтын «Оңтүстік» көлік-логистикалық орталығында инвестиция құны 35,6 млрд теңге болатын 8 жоба жүзеге асырылуда. Аумағы – 242 500 шаршы метрді құрайды. Мұнда кедендік рәсімдеу, фитосанитарлық және ветеринарлық бақылау қызметтері бір терезе қағидасымен жүргізілсе, бұған қоса уақытша сақтау қызметі де қарастырылған.

Шымкенттегі аталған КЛО халықаралық және республикалық жүк ағымына қызмет көрсету, сондай-ақ, тауарлардың қала мен өңірлерге таратылуы үшін қойма және ілеспе қызметтер ұсыну мақсатында құрылған.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*