ОҚО-да салық түсімі 10 айда 251 млрд. теңгені құрады

Оңтүстік Қазақстан облысы ағымдағы жылдың 10 айында салық түсімі бойынша мемлекеттік бюджет жоспарын 103 пайызға орындады.  Айта кету керек, белгіленген жоспар 245 млрд. теңге болса, бюджетке нақты 251 млрд. теңге өндірілген болып отыр. Бүгін бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Алтынсары Үмбеталиев мәлімдеді.Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшысының айтуынша, мемлекеттік бюджет түсімдерінің өсу қарқыны 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда едәуір артып келеді.

«Республикалық бюджетке межеленген жоспар 151 млрд. теңге болса, ол 101 пайызға орындалып, 152 млрд. теңгені құрады. Ал, жергілікті бюджет бойынша, 94 млрд. теңге жоспарланса, нақты 99 млрд. теңге өндірілді. Нәтижесінде жоспар 106 пайызға орындалып, жергілікті бюджет қоржынына артығымен 5 млрд. теңгенің қаржысы түсті», — деді  Алтынсары Дүйсенбекұлы.

Бұдан бөлек, облыстың сыртқы тауар айналымы ағымдағы жылдың осы кезеңінде 1 млрд. 438 млн. АҚШ долларын құрады. Оның ішінде тауар экспорты 5 пайызға, ал тауар импорты 36 пайызға  көбейген.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*