Шымкенттегі «Химфармның» зауытында 1200-ден астам жоғары білікті маман істейді

Бүгінгі таңда Шымкенттегі «Химфарм» акционерлік қоғамының зауытында 1200-ден астам жоғары білікті маман жұмыс істейді. Өндірістің барлығы әлемдік сапа стандартына сай келеді. «Химфарм» акционерлік қоғамы жобалары Президенттің фармацевтикалық саладағы отандық өндіріс үлесін арттыру тапсырмасымен индустриаландыру және жаһандық жаңару бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.Салалық GMP стандарына толық сай келетінін бұл цехта жылына түрлі дертті емдеуге арналған 20 миллионнан астам қорап дәрі шығарылады. Алдағы уақытта цех жылына 600 миллион таблетка шығаруды жоспарлап отыр. Оған мүмкіндігіміз толық жетеді дейді компания өкілдері.

Айта кету керек, «Химфарм» акционерлік қоғамының қатты дәрілер шығаратын цехын іске қосты. Жалпы құны 13,5 млн АҚШ доллары болатын бұл жоба кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында жүзеге асырылды. Өнімнің 80 пайызы ішкі нарыққа, қалған 20 пайызы экспортқа жіберіледі деп жоспарлануда.

Қатты дәрі шығаратын өндіріс цехы заманауи құрылғылармен жабдықталған. Мұнда 72 адам жұмыспен қамтылса, олардың басым бөлігі арнайы Polpharma тобының үздік өндіріс орындарында оқып келген. Бұл жоба — Шымкенттегі инвестициялық жобаның маңызды бір бөлігі болып табылады

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*